«КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫНЫ» ДАМЫТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС ҚАЖЕТ?

Авторы

  • Bibigul Yerkembek г.Алматы, НИШ ФМН

DOI:

https://doi.org/10.63034/esr-104

Аннотация

            Бүгінде, ақпараттық технологиялардың озық дамыған заманы болғанымен, тұлғааралық қарым қатынастардың «оқшауланған» кезеңі. Сондықтан да қазіргі балалар мен жасөспірімдердің арасында «коммуникативтік» дағдылардың тәрбиеге негізделіп қалыптаспауы белең алған. Интелектуалды ой-өрісі кең оқушының көпшілігі сабақ барысында  «эгоцентристік» көзқарасты ұстанып, топтық, жұптық тапсырмаларды орындау сәтінде басқа оқушылармен  жөнді араласа алмай,  белгіленген оқу мақсатына жетпейді.

            Мақаланың мақсаты - күнделікті сабақ барысында интербелсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың бойына Soft skills дағдыларының ішіндегі «коммуникативтік»  дағдыны қалыптастыру. Зерттеудің әдіснамалық негізіне Сингапурлық оқыту технологиясы таңдалып, «Time Round Robin», ««Микс пэа шэа», «GREAT»  әдістері іріктелді. Зерттеу барысына 204 оқушы қатысып, сынама 10 сабақ жүргізілді. Фокус топ ретінде 10 сынып оқушылары зерттеу нысанына алынды, ал   сынама сабақтар «Қазақстан тарихы» пәні бойынша жүргізілді. Ғылыми маңыздылығына тоқталсақ, Сингапурлық оқыту технологиясының «Қазақстан тарихы» пәндік спецификасына қатысты әдістердің ұтымдылығына  нақты ұсыныстар баяндалған.

Кілт сөздер: Сингапурлық оқыту технологиясы, интербелсенді әдістер, тарих, сабақты кешенді бағалау, әріптестермен конструктивті байланыс.

Библиографические ссылки

Пайдаланған әдебиеттер:

Абдраманова Ж.Б., Биярова С.Б., Зейнолдина Г.Т. Lesson Study: өз сабағын зерттегісі келетіндер үшін: әдістемелік ұсыным. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2015. – 52 б.

Дадли П., Lesson study: теория и практика применения. – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013. – 46 б.

Симбаева С. Белсенді оқу мен оқытуда қолданатын әдістер: әдістемелік құрал.- Нұр Сұлтан: Тұран-Астана, 2019.- 133 б

Сыртқы жиынтық бағалау бойынша оқушылар жауаптары үлгілерінің жинағы.10 сынып, Қазақстан тарихы, Астана, 2022 ж.

Тойбазарова Н.А. Интербелсенді оқыту технологиясы.-Нұр-Сұлтан: Тұран-Астана, 2019.- 89

Опубликован

2024-08-22

Как цитировать

Yerkembek, B. (2024). «КОММУНИКАТИВТІК ДАҒДЫНЫ» ДАМЫТУ ҮШІН ҚАНДАЙ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІС ҚАЖЕТ?. Евразийский Научный Обзор - Международный рецензируемый мультидисциплинарный журнал., 2(6), 35–41. https://doi.org/10.63034/esr-104