ЗАҢ МƏТІНДЕРІНДЕ ТЕРМИН ҚОЛДАНУДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚТАР МЕН СƏЙКЕССІЗДІКТЕР ХАҚЫНДА
DOI:
https://doi.org/10.63034/esr-139Ключевые слова:
құқық, қылмыстық, кодекс, заң, аудармаАннотация
Қазақстан Республикасының заңдарын бірізділікке келтіру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда, алайда заңдарымыз бен заңнамалық актілерімізде терминдерді аудару жағынан көптеген кемшіліктер орын алған. Авторлар осы ел ішіндегі өзекті мәселені мақалаға арқау етеді. Сондықтан мемлекеттік тілде берілген заң нұсқаларындағы қайшылықтар мен сәйкессіздіктер көп жағдайда тілдіктерминдік бірізділіктің болмауынан деген ой түйіндейді. Әр халықтың даму көшінде, әсіресе тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта ұлттық заң тіліне ерекше көңіл бөлініп, қашан да басты назарда болуы тиіс. Уақыт ағымы өзгеріп, қоғам жаңғырған сайын төлтума тіліміздің де қоры молайып, қызметі кеңеюде. Әйтсе де мемлекеттік тілдегі заңдар мен заңнамалық актілерде көптеген ақаулықтар азаймай отыр. Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің Жолдауында «Құқықтық нормалар қазақ және орыс тілдерінде мағыналық жағынан барабар жазылғанда ғана конституциялық заңдылық режімі қамтамасыз етіледі» делінген. Авторлар осыны бүгінгі күннің өзектілігі ретінде көтереді. Ол үшін қазіргі қолданыстағы заңнамалық актілерді салыстырумен қатар салғастыра да қарап, тілдік атауларға талдау жасайды. Сөзбе-сөз аудармаға жол беріп қалу секілді заң мәтіндеріндегі кемшіліктерге тоқталады
Библиографические ссылки
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11
шiлдедегі № 151 Заңы // http://adilet.za№.kz/kaz2 Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы: Қазақстан
Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2009 жылғы 22 маусымдағы № 09-5/1 Жолдауы//
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi: Қазақстан Республикасының Кодексі 2014
жылғы 3 шiлдедегі №o 226-V ҚРЗ// http://adilet.za№.kz/kaz.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі: Қазақстан Республикасының Кодексі
жылғы 5 шілдедегі №o 234-V ҚРЗ// http://adilet.za№.kz/kaz.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі: Қазақстан
Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі№o 235-V ҚРЗ// http://adilet.za№.kz/kaz
Билер соты мен ұлттық дәстүрлердің жандануы: заң шығармашылық және әлеуметтік тәжірибе
// Дулатбеков Н.О., Биебаева А.Ә., Сыздық Б.К., Божқараұлы А., Қызылов М.А. – Қарағанды:
«Болашақ-Баспа», 2008. - 192 б.
Болашақ заңгердің құқықтық әліппесі // «Заң» газеті. - 2008. - 12 қараша.
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Категории
Лицензия
Copyright (c) 2024 Aубакирова А, Капезова Г
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.