АСҚАР АЛТАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ МИСТИКА ЖӘНЕ МИФОЛОГИЯ
DOI:
https://doi.org/10.63034/esr-278Аннотация
Қазақ прозасындағы көркемдік шындықты бейнелеуде мифтік образдарды пайдалану, мистикалық құбылыстарды қолдану қаламгер шеберлігінің белгісі. Ұлттық дүниетанымның көрінісі Асқар Алтайдың шығармаларында көрінеді. Жазушы ертедегі аңыз әңгімелерді жаңаша түрлендіріп, заманның қазіргі көрінісін қоса отырып, оқырманға ой сала шығармаларын жарыққа шығарған. Бұл мақалада жазушы Асқар Алтайдың «Алтай балладасы» роман-мифі мен «Кентавр» әңгімесіндегі мистикалық, мифтік көріністер талданып көрсетіледі. Қазақ прозасында әдеби тілінің бай екендігімен, шығарманың ішкі мазмұнына терең бойлай беріп, әсер алуымен жазушының қалың жұрт арасында бағасы өте жоғары. Қазақ даласының сұлу табиғатын суреттеп, кейіпкерлердің сезімдерін сездіртіп, оқиғаларды бірінен соң бірі өрбіте отырып, оқырман назарын мың құбылтып, мың түрлендіреді.
Библиографические ссылки
Жанайдаров О. Ежелгі Қазақстан мифтері. Қазақстан балалар энциклопедиясы. – Алматы: «Аруана» баспасы, 2006.
Алтай А. Алтай балладасы. Хикаят және романдар. –Алматы: «Арда», 2017.
Пірәлиева Г. Көркем прозадағы психологизмнің кейбір мәселелері (Түс көру, бейвербалды ишараттар, заттық әлем). Монография. –Алматы: Алаш, 2003.
Алтай А. Киллер сауысқан. Повестер мен әңгімелер. –Алматы: «Арда+7», 2013.
Загрузки
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Категории
Лицензия
Copyright (c) 2024 Ләззат Әлімова
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.