ҚАЗАҚ, НОҒАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ ХАЛЫҚТЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ТҮРКІ ТІЛДЕР ЖҮЙІСІНДЕГІ РӨЛІ
Ключевые слова:
ноғайлар, түркі тілі, әліпби, сөздік, диалект, мемлекет, әдеби тіл, зерттеуАннотация
Топонимикалық терминдер де басқа сала атаулары сияқты қоғамдық даму үрдісіне сай жаңарып, өзгеріп отырады. Сондықтан көптеген топонимикалық атаулар белгілі бір мағына береді. Кісі аттары ретінде жер-су атаулары тек жер-су атауларын білдіретін бірлік қана емес, тарихи-мәдени мағынаға бай бірліктер. Топонимдердің семантикасы белгілі бір объект туралы ақпараттан басқа, адамның осы затқа немесе атқа қатынасын көрсетеді. Бұл мақалада қазақ және ноғай тілдеріндегі топонимикалық атаулардың ерекшеліктері қарастырылып, топонимдердің мағынасын ашуда лексика-семантикалық топтастырудың маңызды рөл атқаратыны көрсетілген.
Зерттеудің мақсаты – қазақ және ноғай тілдеріндегі топонимикалық атауларды салыстырып, лексикалық-семантикалық белгілеріне қарай топтастыру. Соның нәтижесінде ноғай топонимдік атаулары бейнелі - метафоралық сипатта болса, қазақ топонимдері нақты фактілерді, тұлғаларды т.б. көрсететіндігі анықталды. Қазақ және ноғай топонимикалық атауларын зерттеу осы саладағы теориялық білімдерін байытып қана қоймай, мәдени алмасу мен даму, ұлттық құндылықтар туралы білімдерін тереңдету, топонимиканы жан-жақты түсінуге ықпал етеді.
Мақалада байырғы түркі халықтарының бірі ноғайлардың әдеби тілінің тарихы мен дамуы, оның тарихи кезеңдердегі жағдайы қарастырылады. Мақалада қазіргі ноғай әдеби тілінің қолданыс аясы мен қоғамдық қызметі талданады. ногтың қазақ және қарақалпақ тілдерімен туыстастығы және бұл халықтардың әдебиеттерінің түбірі бір екені, топонимикалық терминдердің біртұтас саналатыны анықталды.
Библиографические ссылки
Әдебиеттер тізімі
Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. – Павлодар: Торайғыров атындағы С.Павлодар университеті Мемлекеттік, 2008. – 240 б. [қазақша]
Бияров Б.Жер-су аттарының сөзжасамдық үлгілері: монография. – Алматы: «Мемлекеттік тілді дамыту» институты, 2012. – 460 б. [қазақша]
Нұрмағамбетұлы Ә.Жер-судың аты – тарихының хаты [Жер-судың аты – тарихтың хаты]. – Алматы: Балауса, 1994. – 239 б. [қазақша]
Қашқари М. Түрiк тілінің сөздiгi (Диуани лұғат-ит-түрк). 3 томдық шығармалар жинағы /ауд. А. Егеубай. - Алматы: ХАНТ, 1997. – 1353 с.
Конкашпаев Г.Н. Названия гор // Изв. АН. Каз ССР. Серия географическая, 1948, № 58, вып 2. - С. 10-18.
Қойшыбаев Е. «Алматы» және «ты» қосымшасы жайлы // Қазақстан мектебi, № 8, 1963. - Б. 90-91.
Сүлейменова Э., Мәдиева Г. т.б. Тіл білімі сөздігі. - Алматы: Ғылым, 1998. – 544 с.
Болғанбаев Ә. Қазақ тілінің лексикологиясы. - Алматы: Мектеп, 1979. – 176 б.
Водопьянова С.Г. Топонимика Казахстана (Петропавловск, 2006, 113 стр.). [на русском]
Казиев Т.«Айналайын, Акбулак!», истоки казахского духа Типография г.Актобе,2016
Опубликован
Как цитировать
Выпуск
Раздел
Категории
Лицензия
Copyright (c) 2024 A.E.Ainabek, B. Abdiualiulu
Это произведение доступно по лицензии Creative Commons «Attribution» («Атрибуция») 4.0 Всемирная.