ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДА «БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖƏНЕ СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Авторы

DOI:

https://doi.org/10.63034/esr-131

Ключевые слова:

Биоақпараттандыру және Синергетика», БжС технологиясы, үздіксіз, мотивация, карталар, ақпараттық кеңістік, регламент сақтау, орынға отырғызу матрицасы

Аннотация

Әлемдік білім беру жүйесі уақыт өткен сайын жылдам дамуда. Білім беруде мұғалімдердің басты нысаны – оқушы. Ендеше алдымыздан білім нәрімен сусындаған оқушыларымыз қандай болу керек? Менің ойымша, өзінің және қоғамның көзқарасын барша жұртқа білдіре алатын, білімді, бәсекеге қабілетті, шығармашыл, құзырлы жеке тұлға болуы шарт. Ал оқушыларымызды осы деңгейге жеткізу үшін біз сабақтарымызды қалай түрлендірер едік? Оқушының оқуға қызығушылығын, мүмкіндігін қалай арттыра аламыз? Бүгінгі мектеп мұғаліміне, сабақта қойылатын талаптар да түбегейлі өзгерді. Әрбір мұғалім мектеп пен шәкірт алдында жауапкершілікпен, шығармашылықпен, ізденімпаздықпен және шеберлікпен білім беруде. Ұстаздардың жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу ісінде қажымай еңбек етудің арқасында, егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, саналы азамат етіп тәрбиелеуде. «Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек, оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек» деген А. Байтұрсынов атамыздың сөзін басшылыққа ала отырып, алдыма қойған негізгі мақсатым – сабақ сапасын көтеріп, түрлерін жетілдіре отырып, оқушыларға терең және тиянақты білім беру. Ол – үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді және бұл бір күннің әрекеті емес, оған уақыт керек.

Биография автора

Қожақ Қ, Жамбыл ауданы, Ынтымақ ауылы, «Сағындық Оспанов атындағы орта мектебі»

Биология пәнінің мұғалімі, жаратылыстану ғылымдарының магистрі

Библиографические ссылки

Вассерман Ф.Я. «Биоинформатика және синергетика» жалпы білім беру мектебінде

сапаны басқару технологиясы Алматы «Білім беру технопаркі» 2016 [1].

Ф. Б. Бөрібекова Н. Ж. Жанатбекова «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар

Оқулық» Алматы 2014 [2].

Жанымханова Әйгерім Бақытбекқызы «Биоақпараттану және синергетика» білім

беру технологиясы – инновациялық іс-әрекет кепілі Өрлеу 2018 ж

https://ustazvko.orleu-edu.kz/?p=1289

Кусаинова Нуржамал Мусаевна (БжС) білім беру технологиясы 2018 жыл.

https://ziatker.kz/doc/bjs_bilim_bery_tehnologiyasy_19224.html

«Биоақпараттану және синергетика»білім беру технологиясы биология сабағында

Қарағанды облысы Балқаш қаласы №2 мектеп-интернат биология пәні мұғалімі

Абеуова М. Б (статья) https://www.freepapers.ru/38/bioaparattanu-zhne-sinergetikatehnologiyasy-biologiya/246024.1651475.list1.html

Опубликован

2024-08-22

Как цитировать

Қожақ , Қ. (2024). ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – ҒЫЛЫМИ САУАТТЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДА «БИОАҚПАРАТТАНДЫРУ ЖƏНЕ СИНЕРГЕТИКА» ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ. Евразийский Научный Обзор - Международный рецензируемый мультидисциплинарный журнал., 2(6), 213–233. https://doi.org/10.63034/esr-131